NUR
Софония 2
1Масақ іспетті жиналып, байланыңдар, уа, арсыз халық!
2Әйтпесе алдын ала белгіленген шешім орындалып, теріс жолдарыңнан қайту мүмкіндіктерің жел ұшырған қабықтай ғайып болады! Сонда Жаратқан Иенің лаулаған қаһары сендерге лап етіп, Оның қаһары ашылатын күн бастарыңа туады.
3Жиналып, Жаратқан Иеге бет бұрып сиыныңдар, уа, елдегі кішіпейіл әрі Оның еркін орындаушы жандар! Оған мойынсұнып әділдік үшін ұмтылыңдар! Мүмкін, сол күні Жаратқан Иенің қаһарынан аман сақталып қаларсыңдар.