NUR
Забур 8
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Дәуіттің жыры.
1Уа, Жаратқан Тәңір, Иеміз біздің, Бүкіл дүниеде әйгілі Өзіңнің Сондай айбынды да даңқты есімің! Көктен биік мерейіңді өсірдің.
2Балалардың, кішкене бөбектердің Аузымен Өзіңді дәріптетесің. Дұшпандарыңа бола солай істейсің, Қас жауыңды, кекшілді үндетпейсің.
3Сенің қолыңнан шыққан аспаныңа, Өзің орнатқан ай мен жұлдыздарға Назар аударған әрбір уақытымда Мынадай сұрақтар туады ойымда: