NUR
Забур 79
Ән-күйдің жетекшісіне арналған, «Келісім қызғалдағы» әуенімен айтылатын Асафтың жыры.
1Уа, Исраилдің Бағушысы, құлақ түрші, Бейне қой отарындай жетелейсің Жүсіпті. Уа, керубтер арасында «тақта» Отырушы, Өзіңнің нұрлы салтанатыңды жайнатшы.
2Ефрем, Бунямин, Манаса руларының Көз алдында зор күшіңді көрсетші, Өзің келіп, бізді құтқарсаң етті!
3О, Құдай, бізді қайтаршы өз жолыңа, Бет нұрыңды төксең бізге тағы да, Құтқарылатын боламыз осылайша.