NUR
Забур 78
Асафтың жыры.
1Уа, Құдай, Өзіңе бағынбаған ұлттар Сенің меншікті еліңді басып, олар Сенің киелі үйіңді арамдады, Иерусалимді қиратып, талқандады.
2Жау Сенің қызметшілеріңнің мәйіттерін Құстарға жемтік етіп тастап кеткен, Олар адал адамдарыңның денелерін Жабайы аңдардың азығы еткен,
3Солардың қанын Иерусалимді Айналдыра ағызды су тәрізді, Сүйектерін жерлейтін қалдырмады ешкімді.