NUR
Забур 124
Киелі үйге қарай өрлеп бара жатқанда айтылатын жыр.
1Жаратқан Иеге сенім артқандар Сион тауындай шайқалмай мәңгі тұрар.
2Таулар Иерусалимді жан-жақтан қоршайды, Жаратқан Ие өз халқын солай қоршайды, Қазір де, мәңгі де аман сақтап қорғайды.
3Әділдер жамандыққа ұмтылмау үшін, Зұлымдардың оларға билігі шектелген.