NUR
Леуіліктер 25
1Жаратқан Ие Синай тауында Мұсаға тіл қатып былай деді:
2— Исраил халқына мынаны айт: Мен сендерге бергелі тұрған елге еніп, иемденгеннен кейін оның жері де Жаратқан Иенің тағайындаған демалысын ұстанып әрбір жетінші жылы тынығуы керек.
3Алты жыл бойы егістігіңе егін егіп, жүзімдігіңнің сабақтарын кесіп, өнімін жинаңдар.