NUR

Ешуа 24

1Ешуа тағы да Исраилдің барлық руларын Сихем қаласына жинап, олардың ақсақалдары мен рубасыларын, төрешілері мен басқарушыларын да шақырып алды. Барлығы Құдайдың алдына келіп тұрды.

2Сонда Ешуа бүкіл халыққа арнап былай деді: — Исраилдің Құдайы Жаратқан Ие мынаны айтады: Ежелде ата-бабаларың Евфрат өзенінің арғы жағында тұрып, бөгде «тәңірлерге» құлшылық ететін. Олардың араларында Тарах және оның ұлдары Ыбырайым мен Нахор да болатын.

3Сонда Мен түп аталарың Ыбырайымды сол өзеннің арғы бетінен алып шығып, бүкіл Қанахан елін аралатып алып жүріп оған жар болдым. Оның үрім-бұтағын көбейтіп, оған Ысқақты,

Nur ilovasida to'liq o'qish →