NUR
Еремия 48
1Әлемнің Иесі, Исраилдің Құдайы, Моаб туралы мынаны айтады: — Небо қаласы қасіретке қалады! Ол қирап бос қалады. Кириятаим да қолға түсіп, қор болады. Жартастағы сол бекініс масқара болып, күйрейді.
2Осылай Моаб өз даңқынан жұрдай болады. Жаулары Хешебонда оған қарсы жамандық ойластырып: «Жүріңдер, оны мүлдем жойып, ел болудан қалдырайық!» — десті. Сен де, уа, Мадмен қаласы, үнсіз қатып қаласың, семсер сенің соңыңнан қалмайды.
3Хоронаимнан да талқандалу мен ғаламат қираудың шуы шықпақ.