NUR

Еремия 27

1Яһуда еліне Жосия ұлы Седекияхтың патшалық құрған алғашқы кезінде Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады.

2Сонда Жаратқан Ие маған мынаны айтты: — Өзіңе қайыс пен сырықтан мойынтұрық жасап, мойныңа киіп ал.

3Сөйтіп Едом, Моаб, Аммон елдерінің және Тир мен Сидон қалаларының патшаларына олардың Иерусалимдегі Яһуда патшасы Седекияхқа жіберген елшілері арқылы Менің хабарымды жолда!

Nur ilovasida to'liq o'qish →