NUR

Ишая 23

1Бұл — Тир туралы ауыр хабар: Зар еңіреңдер, уа, алып сауда кемелеріндегі теңізшілер! Тир қаласы талқандалып, үйлері мен айлағы ғайып болды». Кемелер Кипр аралынан жеткенде осы апат туралы біліп алды.

2Үндемей қайғырыңдар, уа, теңіз аралдарының тұрғындары әрі Сидон қаласының саудагерлері! Теңізбен жүзіп келетіндер сендерді байытатын.

3Олар терең сумен жүзіп, Мысырдағы Шихор алқабынан астық тасып әкелетін. Ніл өзенінің бойында жиналған өнімнен Тир қаласы пайда көріп, халықтардың сауда-саттық орталығына айналған еді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →