NUR
Ошия 9
1Уа, Исраил, қуанба, басқа халықтардай шаттанба! Сен өз Құдайыңнан бас тартып, жалған тәңірлерге табынып азғындыққа салынып келесің. Астық бастыратын қырмандардың әрбірінде жезөкшелік жасап, соның ақысын жақсы көресің.
2Бұдан былай астық қырмандары мен жүзім сыққыштары халықты асырамайтын болады. Олардың аламыз деген жүзім шырыны да болмай қалады.
3Халық Жаратқан Иенің осы елінде қалмайды. Жоқ, Ефрем Мысырға қайта оралып, Ассур елінде де арам тамақты жейтін болады.