NUR

Хаггай 1

1Дарийдің (парсы патшалығына) билік жүргізген екінші жылының алтыншы айының бірінші күні Жаратқан Ие Яһуда аймағының әкімі Салатиел ұлы Зоробабелге және бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаға Өзінің Хаққай есімді пайғамбары арқылы сөзін арнап былай деді:

2«Әлемнің Иесі мынаны айтады: Бұл халық: «Жаратқан Иенің киелі үйін қайтадан салатын уақыт әлі келген жоқ!» деп жүр».

3Сондықтан Жаратқан Ие Хаққай пайғамбар арқылы тағы мына хабарын да жіберді:

Nur ilovasida to'liq o'qish →