NUR
Езекиел 37
1Жаратқан Иенің рухани құдіреті маған қонып, Оның Рухы мені көтеріп алды да, жазық алқаптың ортасына апарып қойды. Алқап сүйекке толы екен.
2Жаратқан Ие мені соларды айналдырып жүргізді. Сонда алқаптағы сүйектердің өте көп әрі мейлінше қурап қалғанын көрдім.
3Ол менен: — Ей, пендем, мына сүйектер өмір сүре ала ма? — деп сұрады. — Уа, Жаратушы Тәңір Ие, оны тек Сен ғана білесің! — деп жауап бердім.