NUR
Даниял 12
1Сол кезде сенің халқыңды қорғаушы бас періште Михайл шығады. Бұл, халықтар алғаш пайда болғалы ешқашан болып көрмеген қиын-қыстау кезең болады. Сонда сенің халқың, яғни есімдері арнайы кітапқа енгізілгендердің барлығы, құтқарылады.
2Жер қойнында жатқан сансыз көп өлгендер қайта тіріледі. Олардың бірқатары мәңгілік өмірге ие болады, ал қалғандары мәңгілік ұят-масқараға қалады.
3Даналар аспан кеңістігі сияқты нұрланады, көптеген адамды әділдік жолына бастап алып келген олар жұлдыздар сияқты мәңгі бақи жарқырап тұратын болады.