NUR

Патшалықтар 4 11

1Шешесі Аталия өз ұлы Охозияхтың өлгені туралы білген соң, Яһуда елінің патша тұқымына жататын барлық басқаларын да өлтіруге әрекеттенді.

2Алайда Ехосабет Охозияхтың кенже ұлы Жоғасты өлімге бұйырылған патшазадалардың арасынан ұрлап алып кетті, әрі бөбекті оның бағушы әйелімен бірге бір ұйықтайтын бөлмеге жасырып қойды. Ехосабет Жорам патшаның қызы, Охозияхтың туған әпкесі болатын. Осылай Ехосабет немере інісі Жоғасты Аталиядан сақтап, өлімнен аман алып қалды.

3Аталия Яһуда еліне билік жүргізген алты жыл бойы патшазада Жоғас Ехосабеттің қасында Жаратқан Иенің ғибадатханасында жасырынып қала берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →