NUR

Патшалықтар 1 20

1Осы екі арада Дәуіт Рамақтағы Найоттан қашып кетіп, Жонатанға барып, оған: — Мен не істеп қойдым? Жазығым не? Әкең жанымды алатындай қандай күнәм бар? — деген сауалдар қойды.

2— Жоқ, өлтірілмейсің! Не үлкен, не кіші, қандай іс болмасын әкем маған айтпай істемейді. Мұндай жоспарын да менен жасырмаған болар еді. Қателесіп тұрсың! — деп жауап берді ол.

3Бірақ Дәуіт ант етіп былай деді: — Сенің маған оң көзбен қарап келгеніңді әкең жақсы біледі. Сол себепті ол: «Жонатанға бұны білдірмей-ақ қояйын, әйтпесе ренжіп жүрер» деп ойлайды. Алайда мәңгі тірі Жаратқан Иенің және сенің алдыңда шын айтамын: мені ажалдан ажыратып тұрған бір-ақ қадам. —

Nur ilovasida to'liq o'qish →