NUR
Зәкәрия 8
1Осыдан кейін Әлемнің Иесі маған тағы да сөзін арнап былай деді:
2— Әлемнің Иесі мынаны айтады: Мен Сионды зор құштарлықпен сүйемін. Оған деген құштарлығым ішімде оттай лаулап тұр. —
3Жаратқан Ие тағы мынаны айтады: — Мен Сионға қайта оралып, Иерусалимде тұратын боламын. Сонда Иерусалим «Ақиқат қаласы», әрі Әлемнің Иесінің киелі үйі орналасқан Сион тауы «Оған бағышталған қасиетті тау» деп аталмақ.