NUR

Аян 17

1Жеті тостағаны бар жеті періштенің бірі қасыма келіп, маған былай деді: — Жүр, мен саған көптеген сулардың үстінде отырған «аты шулы опасыз әйелдің» сотталып, жазалануын көрсетейін.

2Жер бетіндегі патшалар онымен азғындыққа түсті. Күнәкар дүниенің тұрғындары «опасыз әйелдің шарабынан» мас болып, оның азғындығына мүлдем берілді.

3Сонда мен киелі Рухқа ерекше бөленіп, періште мені айдалаға апарды. Сол жерде бір ал қызыл айуанның үстінде отырған әйелді көрдім. Айуанның жеті басы мен он мүйізі болды. Оның тұла бойында Құдайды қорлайтын атаулары жазылған екен.

Nur ilovasida to'liq o'qish →