NUR

Аян 13

1Бұдан кейін айдаһар теңіз жағасында тұрды. Сонда мен теңізден шығып келе жатқан бір айуанды көрдім. Оның он мүйізі мен жеті басы бар еді. Әрбір мүйізінде бір тәжден болды. Ал бастарында Құдайды қорлайтын атаулары жазылыпты.

2Осы айуан қабыланға ұқсас, аяқтары аюдікіндей, ал аузы арыстанның аранындай болатын. Айдаһар оған өз күшін, тағын және зор бедел мен билікті тапсырды.

3Айуанның бір басының өлімге шалынып жарақаттанғандай болғанын көрдім. Алайда ол ажалды жарақатынан сауығыпты! Бүкіл әлем осы ғажапқа қайран қалып, айуанның соңынан ілесті. Олар айуанға бедел мен билік берген айдаһарға бас ұрып табынды; сондай-ақ: «Айуанға тең келер кім бар? Онымен кім шайқаса алады?» — деп айуанға да құлшылық етті.

Nur ilovasida to'liq o'qish →