NUR

Забур 83

Ән-күйдің жетекшісіне арналған, ғаттық жетігеннің сүйемелдеуімен айтылатын Қорах ұрпақтарының жыры.

1Өзіңнің тұрағың жер бетіндегі Қандай сүйкімді, уа, Әлемнің Иесі!

2Жан дүнием Жаратқанның киелі үйіндегі Аулаларына баруды аңсап, әлсірейді, Мәңгі тірі Құдайға жан-тәнім әндетеді.

3Тіпті торғай да қонатын жерін тауып алды, Қарлығаш балапандарын басуға ұя салды: Маңайында Сенің құрбандық үстелдеріңнің, Уа, Әлемнің Иесі, Патшам, Құдайым менің!

Nur ilovasida to'liq o'qish →