NUR
Забур 37
Басына түскен жағдайын Құдайдың есіне салған Дәуіттің жыры.
1Уа, Жаратқан, қаһарланып сөге көрме, Ашуланып мені жазалай көрме.
2Өзің атқан жебелерің денеме кірді, Қолың зілдей басты менің үстімді.
3Қаһарыңнан денемде сау жерім жоқ, Күнәмнан жан-тәнімде тыныштық жоқ.