NUR
Забур 17
Ән-күйдің жетекшісіне арналған. Жаратқан Иенің қызметшісі Дәуіттің жыры. Ол Жаратқан Иенің оны барлық жауларынан және Саулдың қолынан құтқарғанына арналған. Сонда Дәуіт былай деді:
1Уа, Жаратқан Ие, Сені сүйемін, Сен күш-қуатымның қайнар көзісің.
2Жаратқан — жартастай берік қорғаным, Мені қауіп-қатерден құтқарушым, Құдайым — сенім артқан шың құзым, Қалқандай қорғаушым, мықты құтқарушым, Әрі биік таудағыдай баспанам!
3Мадаққа лайық Жаратқанға сиынам, Ол мені арашалайды жауларымнан.