NUR
Санақ 25
1Ал Исраилдің көші Шиттим деген жерде тұрған кезде, халық моабтық қыздармен азғындық жасай бастады.
2Бұлар халықты өздерінің жалған тәңірлеріне арнаған құрбандықтарына шақырған еді. Исраилдіктер солардан дайындалған тамақты жеп, моабтықтардың жалған тәңірлеріне иіліп табынды.
3Осылай исраилдіктер пеғорлық Бағал атты жалған тәңірге мықтап беріліп кетті. Содан Жаратқан Иенің қаһары Исраил халқына қарсы лаулады.