NUR

Санақ 20

1Бірінші айда исраилдіктердің бүкіл қауымы Сін атты елсіз далаға жетіп, сондағы Қадеш деген жерде тұрақтады. Мәриям сол жерде қайтыс болып, мәйіті қабірге қойылды.

2Ал қауымның ішетін сулары болмай, олар Мұса мен Һаронға қарсы бас қосты.

3Олар Мұсаға қатты наразы болып былай деді: «Ағайындарымыз Жаратқан Иенің алдында өлген кезде біздің де өліп қалғанымыз игі болар еді!

Nur ilovasida to'liq o'qish →