NUR
Санақ 18
1Содан кейін Жаратқан Ие Һаронға тіл қатып былай деді: «Егер киелі орынға қарсы бір күнә жасалатын болса, оған өзің де, ұрпақтарың да, арғы атаңнан шыққан бүкіл Леуі руы да жауапты боласыңдар. Ал діни қызметкердің қызметіне байланысты күнә үшін тек өзің мен ұрпақтарың ғана жауапты боласыңдар.
2Ағайындарың — арғы атаңнан шыққан Леуі руын қасыңа қосып ал. Олар өздеріңмен бірге болып, сендерге қызмет етсін. Бірақ Келісімнің айғақтары сақталған киелі шатырдың алдында қызметті тек өзің және ұрпақтарың ғана атқаратын боласыңдар.
3Леуіліктер сендерге қызмет етіп, киелі шатырға байланысты барлық міндеттерін атқаратын болсын. Алайда олар киелі шатырдағы құрал-жабдықтарға және құрбандық үстеліне жақындаушы болмасын, әйтпесе олар да, өздерің де өлесіңдер.