NUR

Санақ 1

1Исраилдіктер Мысыр елінен шыққаннан кейінгі екінші жылдың екінші айының бірінші күні Жаратқан Ие Синай атты елсіз далада тігілген кездесу шатырында Мұсаға тіл қатып былай деді:

2— Әрбір ер адамның атын жеке-жеке тіркеу арқылы Исраилдің үрім-бұтағының бүкіл қауымын өз рулары мен әулеттері бойынша санақтан өткізіңдер!

3Шайқасқа жарамды, жасы жиырмаға толған не одан асқан исраилдіктерді жасақ топтарына сай Һарон екеуің түгендеп санап шығыңдар.

Nur ilovasida to'liq o'qish →