NUR
Матай 12
1Сол кезде Иса демалыс күні егіндік арасымен өтіп бара жатты. Қарындары ашқан шәкірттері біраз масақ үзіп алып, жей бастады.
2Мұны көрген кейбір парызшылдар Исаға: — Қараңыз, шәкірттеріңіз демалыс күні істеуге тыйым салынған жұмысты істеп жүр! — деп наразылық білдірді.
3Иса оларға былай деп жауап қайырды: — Дәуіт пайғамбар мен оның қасындағы сарбаздар ашыққан кезде не істегендерін оқымап па едіңдер?