NUR

Малахи 2

1— Ал мынау Менің сендерге арнаған ескертуім, уа, діни қызметкерлер!

2Мені тыңдап, есімімді шын жүректен құрметтеуге берік шешім қабылдаңдар! — деп нық айтады Әлемнің Иесі. — Әйтпесе Мен сендердің өздеріңе қарғыс жіберемін, әрі сендердің халыққа берген баталарыңды қарғысқа айналдырамын. Иә, тіпті қазірдің өзінде Мен оларды қарғысқа айналдырдым! Себебі сендер Менің есімімді шын жүректен құрметтемейсіңдер.

3Сендердің кесірлеріңнен Мен ұрпақтарыңды жазалаймын. Өз мейрамдарыңда ұсынылған құрбандықтарыңның жынын беттеріңе жағамын. Сонда сендер соларыңмен бірге қоқыс төгілетін жерге әкетілесіңдер.

Nur ilovasida to'liq o'qish →