NUR
Лұқа 11
1Бірде Иса бір жерде мінажат етіп отырды. Онысын аяқтаған кезде шәкірттерінің бірі Оған: — Мырза, Жақия шәкірттеріне мінажат етуді үйреткендей, Сіз де бізге үйретсеңізші, — дегенде,
2Иса оларға былай деді: — Сендер Құдайға сиынғанда мына іспетті мінажат етіңдер: Көктегі Әкеміз! Сенің киелі есімің қастерлене берсін, Патшалығың осында орнасын! (Сенің еркің көкте орындалғандай, Жер бетінде де орындала берсін!)
3Күнделікті нанымызды әр күні бере гөр.