NUR

Леуіліктер 10

1Һаронның Надаб пен Әбиһу есімді ұлдары шоқ салатын табаларын қолдарына алып, оларға оттың шоғы мен хош иісті шайыр салды. Алайда олар Жаратқан Иенің алдында оттың Ол бұйырмаған бөтен түрін ұсынды.

2Сол себепті Жаратқан Иенің алдынан бір от лап етіп шығып, оларды жалмап қойды. Осылайша олар сол жерде Жаратқан Иенің алдында өлді.

3Сонда Мұса Һаронға: — Жаратқан Иенің «Маған жақындап келетіндер арқылы Өзімнің киелі екенімді көрсетемін, барлық халықтар алдында салтанатты ұлылыққа кенелемін» дегені осы туралы болатын, — деп түсіндірді. Содан Һарон үндемеген күйі қала берді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →