NUR
Жоқтау 2
1(Пайғамбар:) Жаратқан Ие Сион халқын қалайша Өз қаһарының бұлтымен тұмшалауда! Исраилдің даңқты ұлылығын Өзі Аспаннан жерге лақтырғандай етті! Қаһарын ашық білдірген сол күні Иеміз ешқандай мүсіркемеді Аяғының тұғыры — киелі үйді.
2Жаратқан Ие Жақыптың жеріндегі Бар үйлерді аяусыз құртып жіберді. Ол ашуланып, Яһуда еліндегі Қамалдарын бұзып тастап бүлдірді, Патшалықты әрі әміршілерді Арамдап аяқасты етіп жіберді.
3Ием қатты қаһарланып, Исраилдің Талқанын шығарды, барлық күштерінің. Жау шапқанда Тәңір құдіретті қолын Еш созған жоқ бізді қорғау үшін. Ол лапылдаған оттай түкпір-түкпірін Жалмап тұр Жақыптың бүкіл елінің.