NUR
Ешуа 2
1Нұн ұлы Ешуа Шиттим атты жерде екі адамға: «Барып, сол елді, әсіресе, Иерихон қаласын барлап көріп келіңдер!» — деген құпия тапсырма беріп, жұмсап жіберді. Осы екі адам қалаға жетіп, сол жердегі Рахаб есімді бір әйелдің үйіне түнеуге тоқтады. Ол (бұрынғы) жеңіл жүрісті әйел болатын.
2Сонда Иерихонның патшасына: «Бүгін кеште елді барлауға исраилдіктер келіпті», — деген хабар жетті.
3Патша Рахабқа: «Сенің үйіңе келген адамдар — бүкіл елді барлауға келген тыңшылар. Оларды алып шық!» — деген бұйрық жіберді.