NUR
Жохан 9
1Иса өтіп бара жатып, туғаннан соқыр бір адамды көрді.
2Сонда шәкірттері Исадан: — Ұстаз, мынаның соқыр болып туғанына өз күнәсі себеп болды ма, әлде ата-анасынікі ме? — деп сұрады.
3Иса: — Оған өзінің де, ата-анасының да күнәсі себеп болған жоқ. Қайта, оның өмірінен Құдайдың құдіретті ісі көрінбек! — деп жауап берді.