NUR

Еремия 50

1Жаратқан Иенің Еремия пайғамбар арқылы Бабыл қаласы мен халдейлердің елі туралы айтқан сөзі мынау:

2Ұлттардың арасында мына хабарды жар салып, бәріне естіртіңдер; оны белгі беретін жалаудай көтеріп, әркімге де білдіртіңдер! Ештеңесін бүкпей жариялаңдар: «Бабыл жау қолына түседі! Оның тәңірсымағы Бел Меродах масқара болып, үрейге толады. Халық табынған тәңір мүсіндері аяқ асты болып, сындырылады.

3Өйткені солтүстіктен бір ұлт аттанып келіп, Бабылдың елін ойрандайды. Сонда адам да, мал да одан қашып, Бабылды мекендейтін ешкім қалмайды.

Nur ilovasida to'liq o'qish →