NUR
Еремия 33
1Еремия әлі де қарауылдар ауласында отырған кезде Жаратқан Ие оған екінші рет сөзін арнап былай деді:
2— Жерді жаратып, оған пішін беріп, орнықтырған Құдай Менмін, есімім «Жаратқан Ие». Мынаны да нық айтамын:
3Маған сиынып мінажат ет, жауап беремін, сен білмейтін ұлы да құпия жайттарды білдіремін!