NUR
Еремия 32
1Яһуда еліне Седекияхтың патшалық құрған оныншы жылы, яғни Бабылға Набуходоносордың патшалық құрған он сегізінші жылы, Жаратқан Ие Еремияға тағы да сөзін арнады.
2Сол кезде Бабыл патшасының әскері Иерусалимді қоршап алып, шабуыл жасап жатты. Ал Еремия пайғамбардың өзі Яһуда патшасының сарайындағы қарауылдар ауласында тұтқында болатын.
3Оны қамап қойған Яһуда патшасы Седекиях еді. Ол Еремияға: — Сен неге былай деп пайғамбарлық сөздер айтып жүрсің: «Жаратқан Ие мынаны айтады: Мен бұл қаланы Бабыл патшасының қолына тапсырамын, ол оны басып алады.