NUR
Билер 4
1Ал Ехуд дүние салғаннан кейін исраилдіктер қайтадан Жаратқан Иеге жек көрінішті іс-әрекет жасады.
2Сол себепті Жаратқан Ие оларды Қанаханның патшасы Ябиннің қолына бере салды. Ябин елдің солтүстігіндегі Хасорда билік құрды. Оның қолбасшысы Сисара Харошет-Ғоимда тұратын.
3Сисараның тоғыз жүз темір соғыс күймесі болды. Ол исраилдіктерді жиырма жыл бойы қатты қанап, олар Жаратқан Иеге жалбарына сиынды.