NUR
Жақып 3
1Бауырластарым менің, бәрің бірдей тәлім беруші болуға ұмтылмаңдар! Иеміздің бізге, тәлім беретіндерге, басқалардан гөрі қатаңырақ төрелік айтатынын білесіңдер.
2Бәріміз де көп қате жібереміз. Ал кім сөзінде қате жібермесе, сол — денесін тұтастай меңгере алатын жетілген адам.
3Мініс атын өз еркімізге көндіру үшін жай ғана ауыздық салып, бүкіл денесін бағындырып, бағыттаймыз.