NUR
Ишая 58
1— Өзіңді тежемей қатты айқайла! Даусыңды кернейдей көтер! Таңдап алған халқыма опасыз істерін ашық айт! Иә, Жақыптың үрім-бұтағына жасаған күнәларын әшкереле!
2Олар Маған күнде сиынып, еркімді білуді қалағансиды, әрі әділдік жасайтын, Құдайының айтқандарына мойынсұнатын халық сияқты болып көрінеді. Осылай олар Құдай алдына келуді ұнатып, Менен әділ шешімдер өтініп, былай дейді:
3«Біз ораза ұстап едік, Сен неге көз салмадың? Саған бой ұсынған едік, Сен неге байқамадың?» (Бұған Менің жауабым мынадай:) «Ораза тұтқан күндеріңнің өзінде сендер қалағандарыңды істеп, тіпті бейшара жұмысшыларыңды қанайсыңдар!