NUR

Ишая 54

1«Қуан, уа, құрсақ көтермейтін, бала сүймеген әйел, шаттана ән шырқа! Иә, толғатып көрмеген сен, масаттанып дауыста! Өйткені күйеуі бардан гөрі жалғыз басты әйелдің балалары енді көбірек болады! — дейді Жаратқан Ие. —

2Халқым, шатырыңның орнын кеңейтіп ал! Оның жапқыштарын аямай созып, жіптерін ұзын етіп, қазықтарын мықтап қақ!

3Бұдан былай сен жан-жаққа тарайтын боласың. Ұрпақтарың басқа халықтарға да билік жүргізіп, қаңырап бос қалған қалаларды жаңадан мекендейтін болады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →