NUR
Ишая 36
1Езекияның патшалық құрған он төртінші жылы Ассур патшасы Сеннахирим Яһуда елінің (Иерусалимнен өзге) барлық қамалды қалаларына қарсы аттанып, оларды басып алды.
2Сол кезде Ассур патшасы Лахыштан өзінің бас уәзірін қалың қолмен Иерусалимдегі Езекия патшаға жіберді. Бас уәзір Жоғарғы тоғанға қарай аққан арықтың бойында, мата ағартушы шеберлердің даласына апаратын жолда тоқтады.
3Сонда Яһуда патшасының сарай басқарушысы Хелкия ұлы Елиәкім, хатшысы Себна және жылнамашысы Асаф ұлы Жоғах қаладан шығып, оның алдына келді.