NUR
Ишая 25
1Уа, Жаратқан Ие, менің Құдайымсың Сен! Құрметтеп Сені атыңды мақтаймын мен. Сондай керемет істерді жасадың, Өзің көп бұрын оларды жоспарладың, Шынайы адалдықпен жүзеге асырдың.
2(Бас көтерген) қаланы талқандадың, Қамалының күл-талқанын шығардың. Сол бөтен жердегі дұшпандарымыздың Сарайларын қайта салынбастай жойдың.
3Сондықтан мықты халықтар Сені даңқтамақ, Қатыгез ұлттардың қалалары қорықпақ.