NUR
Ишая 22
1Бұл — Аян аңғары туралы ауыр хабар: Не болып жатыр? Неліктен барлығың да үйлердің жалпақ төбелеріне шығып алғансыңдар?
2Уа, бұрын толқыған, у-шу мен той-думанға толған қала! Сенің тұрғындарың өлді, бірақ семсерден емес, ашаршылық пен індеттен!
3Күллі басшыларың бірге қашып кетіп, бір жебе де атпастан тұтқынға түсті. Сенен табылған адамдарыңның бәрі бірдей ұсталды. Олар алысқа қашып кетпекші болған еді.