NUR

Ошия 13

1Өткен замандарда Ефрем тіл қатқанда адамдар қалтырап оның айбатынан сескенетін. Исраилде осы рудың мерейі үстем болатын. Бірақ кейін ол жалған тәңір Бағалға табынып кінәлі болды, мұның соңы өлімге апарып соқты.

2Ал енді олар күнәға бұрынғыдан бетер батып, өздеріне жалған тәңір мүсінін жасатып алды. Бұл мүсіндерді қолөнершілер шеберлікпен күмістен құйды. Осы жас бұқа мүсіндеріне арнап құрбандық шалғандарға: «Оларды өбіп сүйіңдер!» — дейді.

3Сондықтан олар тез сейілетін таңғы тұман не тез кебетін шық сияқты, әрі қырманнан жел айдап ұшыратын кебек не үйдің мұржасынан шығатын түтін сияқты лезде ғайып болады.

Nur ilovasida to'liq o'qish →