NUR
Хаггай 2
1Жетінші айдың жиырма бірінші күні Жаратқан Ие халыққа Хаққай пайғамбар арқылы сөзін арнап былай деді:
2«Яһуданың әкімі Салатиел ұлы Зоробабелге, бас діни қызметкер Ехосадық ұлы Ешуаға және халықтың тірі қалған басқаларына енді мынаны айт:
3Осы киелі үйді оның бұрынғы салтанатында көргендерден араларыңда кім қалды? Ал қазір көріп тұрғандарың қандай? Бұрынғыға қарағанда ол сендерге түк еместей болып көрінбей ме?