NUR
Аббақұқ 2
1Мен күзетке тұрып, мұнараға шығамын, Жаратқан Иенің маған не айтатынын, шағымыма қандай жауап беретінін күтемін.
2Сонда Жаратқан Ие маған былай деп жауап берді: — Сен аянда көрген хабарымды тақташаларға анық қылып жазып қой! Содан шабарман оны әр жерде оқып жарияласын!
3Өйткені бұл хабар белгілі бір уақытта іске асып, орындалатын кезіне меңзейді. Ол өтірік болып шықпайды. Орындалуы кейінірек болса да, оны күт! Ол шүбәсіз келіп, еш кешікпейді.