NUR
Аббақұқ 1
1Мұнда Аббақұқ пайғамбардың Құдайдан алған аянындағы ауыр хабар берілген.
2— Уа, Жаратқан Ие, қашанғы мен көмек сұрап, Сен құлақ салмай қала бересің? «Барлық жерде зорлық!» деп қанша шағымдансам да, Сен құтқармайсың.
3Неге мені әділетсіздікке қарауға, зұлымдықты көруге мәжбүрлейсің? Күн сайын көретінім құрып-күйреу мен зорлық-зомбылық, айналам ұрыс-керіс пен дау-жанжал.