NUR
Жаратылыс 41
1Арада екі жыл өткенде перғауын түс көреді. Түсінде ол Ніл жағалауында тұр екен.
2Судан жеті семіз, күйлі сиыр шықты да, қамыс-құрақ ішінде жайылып жүрді.
3Мұнан кейін олардан басқа, сұрықсыз, арық тағы жеті сиыр судан шығып, жағада тұрған сиырлардың қасына келді.