NUR
Жаратылыс 31
1Сол шамада Лабанның ұлдарының: «Жақып әкеміздің бар жиған-тергенін иемденіп алды. Ол өз байлығын әкеміздің мал-мүлкі арқылы жасады», — деп наразыланып жүргені Жақыптың құлағына шалынды.
2Ол, сондай-ақ, Лабанның өзіне бұрынғыдай қарамайтынын да байқады.
3Осы кезде Жаратқан Ие Жақыпқа тіл қатып: «Ата-бабаңның еліне, өз жақындарыңа қайт! Мен саған жар боламын», — деп бұйырды.