NUR

Жаратылыс 20

1Сол кезде Ыбырайым тұрған жерінен Қанаханның оңтүстік аймағына көшіп, біраз уақыт Қадеш пен Шурдың арасында тұрды. Сол жерден ол Герар қаласының маңына көшіп барып, сонда жат жұрттық болып уақытша қоныстанды.

2Ыбырайым (сол жерде кездескен адамдарға) әйелі Сара туралы: «Бұл — менің қарындасым», — деді. Содан Герардың патшасы Әбумәлік кісі жіберіп, Сараны алдыртты.

3Бірақ түнде Құдай патшаға түсінде аян беріп: — Осы әйелдің кесірінен сен өлесің, себебі оның күйеуі бар, — деді.

Nur ilovasida to'liq o'qish →